Біз сізді мектеп сайтының беттерінен көргенімізге қуаныштымыз!
Біздің мектеп – кәсіби білімі терең, бастамашыл әрі ұйымшыл педагогтерден құралған, ортақ мақсат жолында бірлесе еңбек ететін шығармашыл ұжым. Басты мақсатымыз – әрбір оқушының шығармашылық қабілетін ашуға және тұлғалық дамуына қолайлы білім беру ортасын қалыптастыру. Мектебіміздің негізгі міндеті – әр оқушыға сапалы әрі қолжетімді білім беріп, оның жан-жақты дамуына, қабілеті мен мүмкіндіктерін толық жүзеге асыруына жағдай жасау. Педагогтер, оқушылар және ата-аналар арасындағы өзара құрметке, сенім мен қолдауға негізделген тиімді ынтымақтастық – жоғары нәтижелерге қол жеткізудің маңызды кепілі.