Біртұтас тәрбие бағдарламасы бойынша өткізілген іс-шаралар

          

"Біртұтас тәрбие" бағдарламасын жүзеге асыру мен мектеп пен ата-аналарқауымдастығының қарым-қатынасын нығайту мақсатында Білім бөлімінің қолдауымен күзгі каникул кезінде №12 ЖОББМ мектебінің ұйымдастырылуымен мектептің базасында жалпы орта білім беретін мектептерінің ата-аналары арасындағы қалалық волейбол турнирі өткізілді. Іс-шараға 8 ата-аналар командалары қатысты (№12 ЖОББМ, №17 мектеп-гимназиясы, №18 мектеп-лицейі, №9 ЖОББМ, 3 Красный Яр мектеп-гимназиясы, ІТ мектеп-лицейі, №14 ЖОББМ, №10 ЖОББМ). Тартысты доданың нәтижесінде финалға 4 команда өтті. (№12 ЖОББМ, №17 мектеп-гимназиясы, ІТ мектеп-ицейі, №9 ЖОББМ). Ойынның соңында орындар келесі дәрежеде бөлінді. 3 орын №9 ЖОББМ ата-аналар командасы, 2 орын №17 мектеп-гимназиясы, 1 орын және кубок ІТ мектеп-лицейі.

 

5-6 сынып оқушыларының арасында ерекше әсерлі және кңілді күзгі бал өтті! Мектебіміздің жас өрендері әсем киініп, күзгі мерекенің әдемілігін өз өнерлерімен, күлімдеген жүздерімен одан әрі аша түсті. Жарқын әуендер мен тамаша билер кешті сәнге бөлеп, балалардың қуанышқа толы жүздері бізді тағы да қуандырды. Әсіресе, оқушылардың дайындаған шығармашылық нөмірлері көрермендерге ерекше әсер қалдырды. Әдемі әндер, түрлі билер, қызықты ойындар мен жылы сөздер мерекенің көркін келтірді. Бұл кеш балалар үшін ұмытылмас естеліктер қалдырып, жаңа достықтарды нығайта түсті. күздің көркіндей жылы шырай мен қуанышты көңіл күй бірімздің жүрегімізде қалды.

7-8 сыныптар арасында мектепте күзгі бал өтті. Іс-шара барысында оқушылар түрлі шығармашылық қойылымдар мен би өнерлерін көрсетті. Әр сынып өздерінің ерекше киім үлгілерін көрсетіп, көрермендерді таң қалдырды. Барлық қатысушыларға алғыс білдіреміз, осындай мерекелік шаралар барлығымызды қуанышқа бөледі!

Кітапханада "Әдеби қаһармандарының шеруі" байқауының мектеп кезеңі өтті. Байқауға орта және үлкен жастағы балалар қатысты. Оқушылар әдеби кейіпкерді монолог түрінде ұсынды. Байқау қорытындысы бойынша оқушылар Дипломдармен марапатталды. Жүлдегерлер қалалық байқауға қатысады. Зыкова Е. 6 Д жетекшісі Бектасова А.Ш, Сәрсенбаева Ж., 9 а сынып жетекшісі Жарова Ш.Х., Стрекозина К. 9Д сынып жетекшісі Хващевская А.С.